Диалог в открытом режиме Акима Аральского района Нажмадина Мусабаева
Диалог в открытом режиме Акима Аральского района Нажмадина Мусабаева

Аким Аральского района Нажмадин Мусабаев провел отчетную встречу с жителями аула Бекбауыл. Выступая перед собравшимися, руководитель района особое внимание уделил реализации программы «Дорожная карта», инициированной Главой государства в качестве антикризисных мер.
Кинопоезд 2009
Кинопоезд 2009

Впервые появившись на экранах в середине 1980-х, сериал «Драконий жемчуг» стал для многих зрителей Европы и Америки первым знакомством с удивительным миром японской анимации.
Интервью Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева
Интервью Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева

В ходе рабочей поездки по Кызылординской области Глава государства Нурсултан Назарбаев дал интервью областным газетам «Кызылординские вести» и «Сыр бойы».
СЕЙІТҚҰЛҰЛЫ ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
СЕЙІТҚҰЛҰЛЫ ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР

Сейітқұлұлы Жалаңтөс баһадүр (1576-1656) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқанның әмірі. Туып өскен жері – Сырдарияның төменгі ағысы. Топырақ бұйырған жері – Самарқан қаласынан 12 шақырым жердегі Төртқара руы.

АУДАН ӘКІМІ Н.МҰСАБАЕВ

Арал ауданы әкімдігінің ақпараттық порталына қош келдіңіздер!

Қызылорда облысы аумағындағы Арал ауданы 1929 жыл аудан ретінде құрылған,ал Арал қаласы 1901-1905 жылдары негіз қалаған. Қазіргі таңда халықының саны – 73,180 мың адам. 

Ауданның аумағы 60400 шаршы шақырым шамасын құрайды. Солтүстік және солтүстік – батыс жағынан алсақ аудан Ақтөбе облысы Шалқар ауданымен шекаралас болса, солтүстік – шығыс жағынан және шығыс пен оңтүстіктен Қазалы аудан мен оңтүстік – батыс жағынан Қарақалпақстанмен шекаралас. 

Облыстық мұрағаттың бір құжатында 1852 жылы Арал ауданына қарасты «Райым» бекінісі аталып өтіледі. Оның ар жағында Украинаның көрнекті жазушысы, суретші Т.Г.Шевченко 1848 жылы өз суретінде Райым бекінісін бейнелеген. Нақты Арал ауданының құрылуы туралы мәлімет анықталмады. Негізінен Аралдың іргетасы 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жол стансасының салынғаннан бастап қаланды. Арал бұрын «Алтықұдық» деп аталған. 

Арал өңірінің алғашқы зерттеушісі деп профессор Лев Бергті атап өтуге болады. Нақты дерек болмағандықтан осы аралықты басшылыққа алып отыр. Бұл әрине негізі деп айтуға болмайды. Себебі 1870 жылы тау инженері Р.С.Пальм алғаш рет Аралдан тұз қорының барын анықтаған болатын. Сонымен Арал өңіріндегі тұзды жерлерден тұз қазу жұмысын бастаған. 1913 жылы орыс көпесі Астахов және еңбек саудагері Өмірәлі Мыңбаев байюдың көзін қарастыра келе, қазақ кедей-шаруаларымен тұзды қаздыру мақсатында шартқа отырады. Алайда, бұл уақыттарда кедей-шаруалардың жұмыстары қиынға соққан, өйткені қазылған тұз түйеге жегіліп, жақын орналасқан «Сапақ» және «Шөміш» стансасына тасымалданып бұл жерлер негізігі база болған. Кәсіпкерлер 1913-1917 жылдар аралығында 160,5 мың тонна тұз өткізген. Осымен қатар 1901 жылдары Арал теңізі стансасының жанынан алғаш рет сульфатниктердің бары анықталған. 

Азамат соғысының кезінде 1919 жылы Арал теңіз флотилиясы құрылған болатын. Бұл жерде Аралдықтардың кеңес үкіметін орнатуға өз үлестерінің барын атап өтпеуге болмайды. 

1919 жылдың шілде айының 28-де Түркістан Солтүстік шығыс майданының революциялық соғыс кеңесінің №15 бұйрығымен Арал теңізінің әскери-бақылау флоты құрылған. Бұл флотттың қарамағында «Туркестанец», «Соколик», «Сартенок» кемелері мен «Коммуна», «Қырғыз» және «Великолепный» моторлы машиналары мен «Республиканец» бу шхунасы және «Волна» моторлы кемесі болған. 1919 жылғы 30 тамызында Арал теңізі жанында орналасқан ақ казактарға қарсы «Туркестанец» кемесінен оқ жаудырғаны туралы 1920 жылы флотилия өз жұмысын тоқтатып, кемелері балық шаруашылығына берілген. 

1921 жылы совдеп төрағасы болып Төлеген Медетбаев тұрған кезде В.И.Лениннің Балтық жағалауындағы тұрғындарының ашаршылыққа ұшырауы жайлы хатына сәйкес, Арал балықшыларының 14 вагон балықты Поволжья халқына жөнелткен. Осынау қиын-қыстау заманда қол ұшын бере отырып, ашаршылықтан Балтық жағалауы тұрғындарынан аман алып қалған. Ол балықтың тиелген жері әлі бар, ол Қамыстыбас стансасының жанында орналасқан. Ол кездері балық аулау жұмысымен балық ұжымшарлары айналысқан болатын. 1925 жылы Арал балық комбинаты құрылды. Бертін келе кемелерді жөндеу үшін Арал кеме жөндеу зауыты құрылған. 

Арал балық комбинатының құжатынан 1927 жылы байырғы совдеп төрағасы Төлеген Медетбаевтың қолы қойылған хатында осы жылғы қазан айының 4-де Арал поселкесі бұдан былай қала типтес поселке ретінде Арал қаласы деп аталынсын делінген. 

Ол кездері Арал Қазалы уезі, Ақтөбе облысына қараған болатын. Бертін келе 1929 жылы Қызылорда облыстық кеңесінің Президиумының ұйымдастыру комитетінің шешімімен аудандар құрыла бастаған. Солардың қатарына Аралда енген. Осы таңға дейін ешқандай өзгеріссіз Қызылорда облысының Арал ауданы болып аталып, оның өз тарихын жалғастырып жазылып келеді. 


Құрметпен, Қызылорда облысы, Арал ауданының әкімі,
«Қазақстанның Құрметті құрылысшысы»,
«Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінін иегері

МҰСАБАЕВ НӘЖМАДИН ТҮРКБЕНҰЛЫ



КАРТА АРАЛЬСКОГО РЕГИОНА


 

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ РЕСУРСЫ



Фонд духовного развития народа Казахстана
http://www.ruhdk.kz

Послание Президента Республики Казахстан Н.А.
http://www.akorda.kz

Учитесь управлять своими деньгами
http://www.fingramota.kz/

Финансовая Полиция
http://www.finpol.kz

Министерство Культуры РК
http://www.mki.gov.kz

Финансовый портал
http://www.bnews.kz

Портал государственного языка
http://www.til.gov.kz

Министерство Финансов РК
http://www.minfin.kz/

ВЕРХОВНЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
http://www.supcourt.kz/

Электронное Правительство
http://www.e.gov.kz

Веб-портале государственных закупок Республики Казахстан
http://www.goszakup.gov.kz

Казахстанское содержание
http://ks.gov.kz/

Парламент Республики Казахстан
http://www.parlam.kz/

Правительство Республики Казахстан
http://www.government.kz/

База законов
http://zakon.kz

Сайт президента
http://www.akorda.kz/